{metadescription}
Атом электр станциясына қажет мамандарды даярлау биылдан басталмақ
Атом электр станциясына қажет мамандарды даярлау биылдан басталмақ

Атом электр станциясына қажет мамандарды даярлау биылдан басталмақ

Атом электр станциясына қажет мамандарды даярлау биылдан басталмақ. Бес жылдан кейін басталады деп жоспарланған АЭС құрылысына алғашында 5 мың, кейін жұмыс қызған шақта 10 мың адамға дейін қажет болуы мүмкін. «Арнайы білімі бар мұндай мамандарды жергілікті оқу орындарында оқытуымыз керек» - дейді энергетика министрі.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Атом электр станциясы құрылысын қолдау үшін отандық колледж базасында АЭС-ке арналған мамандар даярланатын болады. Бұл дозиметрист, АЭС жабдықтарын жөндеу мамандары, ақпарат технологиясы бойынша мамандар және тағы басқа мамандар.

Электротехника колледждерінде білім алған жастарға Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында өндірісті оқыту базасы жасақталады дейді министр. Ал мыңдаған маман бес жылдан кейін-ақ қажет болғалы тұр. Министрліктің есебінше, жалпы АЭС құрылысына 10 мың адам жұмылдырылмақ.

Еске салайық, атом электр станциясын салу туралы шешім былтыр қазан айындағы референдумнан кейін қабылданған. Әзірге құрылысты нақты қай ел немесе қай компания салатыны таңдалмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде