{metadescription}
Ақтөбеде қысқы демалыс орындары тексеріліп жатыр
Ақтөбеде қысқы демалыс орындары тексеріліп жатыр

Ақтөбеде қысқы демалыс орындары тексеріліп жатыр

Ақтөбеде қысқы демалыс орындары жаппай тексеріліп жатыр. Әсіресе сырғанақ, шаңғы тебетін жерлер мен қарда жүретін арнайы көлік тұрақтарына ерекше көңіл бөлінуде.

Ақтөбеде көк тіреген тау болмаса да, қала сыртындағы төбешіктерді кәсіпкерлер бизнес көзіне айналдырған. Сырғанақ жасап, келген-кеткенді ақысына арнайы қар кешетін көлікпен қыдыртады, оған жасөспірімдер үйір. Осыдан екі жыл бұрын оқушы бала қар үстінде жүретін техникамен сырғанаққа жиналған бір топ адамды қағып кеткен еді. Қатты соққыдан сол кезде бір әйел мерт болып, төрт бала жарақат алған. Осы оқиғадан соң демалыс орындарындағы қауіпсіздікке қатысты тексеру күшейтіліп, жыл сайын қыс маусымында тәртіп сақшылары мен құзырлы органдар арнайы рейдке шығады. Қазір қалада тоғыз мұз айдыны мен қала сыртындағы төрт турист базасы бар. Қарда жүретін көлікке ересек адамсыз мінгізбейміз дейді кәсіпкерлер. Нұсқаушы-мамандар болуы да міндетті. Олар қауіпсіздік талаптарымен таныстырып, одан соң ғана көлік кілтін бере алады. Дәл осы ереже сақталып жатқанын тексерушілер дөп басып айта алмайды. Әйтсе де биыл демалыс орындарында оқыс оқиға орын алмаған. Тек мұз айдынында екі жасөспірім соқтығысып, қолын жарақаттапты.

Ботагөз Жәлекешова, Ақтөбе ПБ бөлімше бастығы:

Ойын-сауық мұз айдынында екі бала бір-бірімен соғысып, қолын сындырып алған. Ауыр қылмыстар тіркелген жоқ. Келеңсіз оқиғаны болдырмау мақсатында мынандай ойын-сауық орындарына ата-анасымен келу керек екенін ескертеміз. Қала аумағы ішіндегі сырғанақтарда жасөспірімдер түнгі 23:00-ге дейін жүру фактілері орын алып жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде