{metadescription}
Боран: Күре жолдар жабылып, қар құрсауынан құтқарылып жатыр
Боран: Күре жолдар жабылып, қар құрсауынан құтқарылып жатыр

Боран: Күре жолдар жабылып, қар құрсауынан құтқарылып жатыр

Еліміздің төрт өңірінде боранға байланысты күре жолдар жабылып, қозғалыс қиындады. Жамбыл облысының таулы аймақтарында мыңнан астам көлік асудан өте алмай тұрып қалған, көбі —  жүк көлік. Құтқарушылар қар құрсауында қалған 100-ге жуық адамды қауіпсіз жерге шығарды.

  Қошқар ата - Бауыржан Момышұлы бағытындағы жол. Түк көрінбейді. Мына жерде үш-төрт көлік тұр екен. Қар күреп жатыр.

Жуалы ауданы маңында ат құлағы көрінбейтін боран болып, жеңіл көліктер омбы қарда алмай қалған. Олар арнайы техниканың көмегімен шығарылды. Бұрқасында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінде қаңтарылған көліктің қарасы көбейген. Ұзын-сонар көліктер легінде қалған жүк көліктер жолдың ашылғанын күтіп таңға дейін тұрып қалды. Қыс басталғалы бұл жолдың бөлігі 15 мәрте жабылған.

Насыр Смайылов, жүргізуші:

 12-13 сағат тұрдық. Алды қандай болып жатқаны белгісіз. Анау жақта көлік апаты көп. Қаланың ішіне, қонақ үйлерге жатқыза береді деді. Бірақ орын жоқ, машинаға жаттық.

Күн райы құбылғалы құтқарушылар мен полицейлер қарбаласқа түскен. Түнгі уақытта ескертуді елемей жолға шыққан 40 жолаушы жылыту пункттеріне жеткізілді. Олардың жартысы бала. Құтқаруға 100-ге жуық маман жұмылдырылып, 10-нан аса көлікті қар құрсауынан алып шыққан.

Абзал  Құрманов, Тараз ПБ патруль-полиция батальонының взвод командирі:

 100-ге жуық жүргізуші мен жолаушы жылыту орнына жеткізіліп, ыстық шаймен қамтылды. Таңға дейін тынымсыз жұмыстың арқасында қазір, 8 қаңтар, сағат 11 шамасында Шымкент бағытына қарай жол ашылды.

Қатты бұрқасыннан Түркістан және Қызылорда облысында да күре жолдар жабылды.

Қостанай облысында жасөспірімге медициналық көмекке барған дәрігерлер жолда қалып құтқарушыларға хабар берген. Олар арнайы техниканың көмегімен қар басқан аймақтан реаниматолог дәрігер мен жедел жәрдем фельдшерін, сондай-ақ, 2010 жылы туған жасөспірімді аман-есен алып шықты.

«Қазгидромет» мамандары алдағы күндері солтүстіктен соққан антициклон әсерінен аяз болатынын болжап отыр. Мамандардың айтуынша еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түспек. Әсіресе оңтүстік өңірлерде 25 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде