Көкшетауда облыстық кітапхана өртеніп, 50 мыңнан аса кітап бүлінді
Көкшетауда күні кеше ғана күрделі жөндеуден өткен облыстық кітапхана отқа оранды. Ашылғанына бір ай да болмаған ғимараттағы кітаптардың өртеніп жатқанын еден жуушы көріп, өрт сөндірушілерді шақырған. Тілсіз жау дер кезінде ауыздықталғанымен, 50 мыңнан аса кітап бүлінді.
Автор: Мерген Тоқсанбай
09.01.2025
Мағжан Жұмабаев атындағы кітапхана Ақмола облысындағы әдебиет қоры көп ең үлкен кітапхана саналады. Былтыр ғана облыс бюджетінен 500 миллион теңге қаражат бөлініп, толық жөнделген. Тілсіз жау нысанның абонемент бөлімінен тұтанған. Небәрі он шаршы метрді шарпыған қызыл жалыннан 70 мың кітаптың жартысы жанып кетсе, көбі өрт сөндірушілер шашқан судан малмандай су болған. Сондай-ақ көне кітаптар мен жаңа жиһаздарды ыс басып қалды.
Ерсайын Қойшыбаев, Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі:
— Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана өртенді. Қызыл жалын кітаптар мен сөрелерді шарпып, он шаршы метрді қамтыған. Өрт сөндіруге №3 жоғары ранг қызметкерлері барып, өртті 50 миннут ішінде ауыздықтаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!