{metadescription}
Ақтөбе облысы: Электр бағанын орнатуға жан-жақтан энергетиктер шақырылуда
Ақтөбе облысы: Электр бағанын орнатуға жан-жақтан энергетиктер шақырылуда

Ақтөбе облысы: Электр бағанын орнатуға жан-жақтан энергетиктер шақырылуда

Ақтөбе облысында жаңа жылдан бері жарықсыз отырған ауылдарға электр бағанын орнатуға жан-жақтан энергетиктер шақырылып жатыр. Мұғалжар ауданында мұздың кесірінен желілер үзіліп, электр бағаналары құлаған еді.

Жарықсыз қалған жеті ауылдың бірі он күннен бері қараңғыда отыр. Себебі: Сабындыкөлде электр бағаналары құлаған. Сымға қатқан томардай мұзға шыдамаған тіреулерді қайта орнатып жатыр. Осы ауданға көршілес Темір, Алға мен Мәртөктен электр жөндеушілер  бригадалары тартылған. Ауылдағы жалғыз мектепке генератор қосып қойыпты. Жарық өшкенде Мұғалжар ауданындағы онға жуық ауыл судан тарыққан. Себебі су мұнараларындағы сорғы электр қуатымен жұмыс істейді. Қазір Сабындыкөл елді мекенінде де аракідік генератор арқылы мұнараға су жинап жатыр. Ал электр желілеріне жабысқан мұзды толық сілкіп түсіріпті.

Барақсұлтан Төлемісов, «Энергосистема» ЖШС басшысының орынбасары:

Ембі, Темір, Мартөк және Мұғалжар ауданының бригадалары, сонымен қоса Ақтөбе қаласынан және әуе желілері қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оннан астам техника жұмылдырылған. Су айдауыш станцияларда насостар бар. Сонымен дизель генератор қойып, суды алдында толтырып алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде