{metadescription}
Көлігің бес минуттан артық от алып тұрса, айыппұл төлейсің
Көлігің бес минуттан артық от алып тұрса, айыппұл төлейсің

Көлігің бес минуттан артық от алып тұрса, айыппұл төлейсің

Күннің суығында көлікті көбірек қыздыру да қомақты ақша. Өйткені заңға сәйкес, машина бес минуттан артық оталып тұрса, айыппұл арқалайсыз.

Бұл ел арасында енді қызу талқыланып жатқанымен, жаңа норма емес. 20 жылдан астам уақыттан бері бар заң дейді ішкі істер министрлігі. Яғни, егер көлік бес минуттан артық оталып тұрып, тұрғындарға қолайсыздық тудырса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жаза қарастырылған. Ол, шамамен, 20 мың теңге айыппұл. Тек мұндай жаза азаматтардан шағым түскен кезде ғана қолданылады дейді, кезінде өзі де талай жыл ішкі істер саласында басшылық қызметте болған, қазір сенатор Марат Қожаев.

Марат Қожаев, Сенат депутаты:

Әрине, бұл бап бойынша жауапқа тарту үшін дәлел керек. Бейтаспаға түсіп қалғанның өзінде уақыты дәлме­-дәл келуге тиіс. Егер ондай бұлтартпас айғақ болса, кез келген жүргізуші әкімшілік жауапкершілік арқалайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде