{metadescription}
Ақтөбеде жол белгілерін салуға бөлінген қыруар ақша жымқырылған
Ақтөбеде жол белгілерін салуға бөлінген қыруар ақша жымқырылған

Ақтөбеде жол белгілерін салуға бөлінген қыруар ақша жымқырылған

Ақтөбеде жол белгілерін салуға бөлінген қыруар ақша жымқырылды. Тендер жариялап бөлінген қаржыны тиісті салаға жұмсауға міндетті коммуналдық мекеме директоры енді сотта жауап бермек.

Бюджеттен бөлінген 272 миллион теңгенің қайда кеткені әзірге белгісіз. Қаражат қаладағы жолдарға белгі салып, қауіпсіздік шарасын қамтуға арналған. Бірақ тас жолға белгі сызылмақ түгілі, ақ дақ та түсірмеген. Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технология орталығының директоры тендерді ұтқан мердігердің атқарған жұмысына мән бермеген. Тек қолына ұстатқан актіге қол қоя салған көрінеді. Қамауға алынған Абзал Тілмағанбетов істеген ісін енді сотта айтуға тиіс.

Әсел Өтенова, Ақтөбе прокуратурасының бөлім прокуроры:  

Директор қызметін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шарты негізінде 272 миллион теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған актілерді қабылдаған. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу, оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс Ақтөбе қаласының 2 сотына жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде