{metadescription}
АҚШ-тағы орман өрті: Шығын $57 миллиардтан асады
АҚШ-тағы орман өрті: Шығын $57 миллиардтан асады

АҚШ-тағы орман өрті: Шығын $57 миллиардтан асады

АҚШ-тағы орман өртінен қаза тапқандардың саны бес адамға жетті. Апта басында тұтанған жалын ырық бермей жатыр. Құрғақшылық пен ұйтқыған желден күннен-күнге өршіген тілсіз жау мыңнан аса ғимаратты күлге айналдырды. Мемлекетке келген шығын 57 миллиард доллардан асады.

Алапат өртке байланысты қазір Калифорния штатында төтенше жағдай жарияланды. Соңғы дерек бойынша өрт үш күннің ішінде мың екі жүз гектар аумақты шарпып үлгерген. Қызыл жалынның құрсауында қалған үйлердің ішінде әлемге танымал Голливуд актерлері мен әншілердің резиденциялары да бар. Энтони Хопкинс, Пэрис Хилтон, Дженнифер Энистон мен Брэдли Купер сынды  жұлдыздардың миллиард долларға салған сарайларының күлі ғана қалды. Өткен түні жергілікті билік әлі де 30 мыңнан аса ғимаратқа қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді. Әлі 130 мың тұрғын эвакуацияланады.

АҚШ президенті болып қайта сайланған Дональд Трамп табиғи апаттың бұлай өршуіне Калифорнияның губернаторын кінәләп отыр. Себебі: ол бұған дейін еріген қар мен жаңбырдан жиналған суды сақтап, осындай керек кезде кәдеге жаратуға мүмкіндік беретін жобадан бас тартқан.

Гэвин Ньюсом, Калифорния штатының губернаторы:

Желдің қалай ұйытқып жатқанын өздеріңіз көрдіңіздер. Талай ғимарат қирап, өртеніп жатыр. Біз Солтүстік Калифорниядан өрт сөндіру көліктері мен тікұшақтар жібердік. Бірақ өрт ырық бермей жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде