{metadescription}
Шымбұлаққа барсаң, қысқы спорт түрінің ережесі мен техникасын біл
Шымбұлаққа барсаң, қысқы спорт түрінің ережесі мен техникасын біл

Шымбұлаққа барсаң, қысқы спорт түрінің ережесі мен техникасын біл

Қыс келе, сноуборд, шаңғы тебуге құмартқан көпшілік Шымбұлаққа барады. Бірақ кәсіби деңгейде болмаса да, сырғанауды жетік біліп және қауіпсіздік ережесін ұмытпаған абзал дейді мамандар. Өйткені былтыр 500-ден астам адам түрлі жарақат алса, жыл басталғалы, небәрі тоғыз күнде 20-ға жуық адам зардап шеккен. Көбі 18-30 жас аралығындағы сырғанаушылар. Қысқы спорт түрінің ережесі мен техникасын мамандардан КТК тілшісі біліп көрді.

Мәдинаның шаңғыны серік еткеніне 10 жыл болған. Кәсіби спортшы болмаса да, қыс бастала шаңғысын арқалап тау жағалайды. Алайда осыдан бес жыл бұрын әйел келеңсіз жағдайға тап болыпты. Әуесқой шаңғышыларға арналған байқауға қатысамын деп, ауыр жарақат алған оң аяғын, қолын сындырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Оңалту ем-шаралары бірнеше жылға созылған. «Соның салдарын бүгінге дейін көріп келемін» - дейді. Дегенмен Мәдинаға жарақат хоббиінен бас тартуға себеп болмаған. Бала кезінде әкесі үйреткен бұл қысқы спорт түрін ол қазір екі жасар баласына үйретуде.

Мәдина Сейітқали, әуесқой шыңғышы:

Қатты жылдамдықпен келе жатқан сноубордшы оң жағымнан кеп соғады. Бірнеше метрге ұшып кетемін. Сол күйі есімді жоғалтамын. Бес жерімнен сынды. Ең қаттысы, жүре алмай, төрт ай оңалттым. Сосын таяқпен жүрдім. Наурыз айында таяқпен қайта шаңғымен сырғанауға келдім. Толық оңалуға бес ай кетті. Бірақ әлі күнге дейін толық жазылмадым.

Мамандардың айтуынша, шаңғы тебемін деген жұрттың, кем дегенде, күніне бес-алтауы жарақат алады. Сондықтан тәуекелге бел бумас бұрын тыңғылықты техникалық дайындық пен жақсы даярлық қажет. Әйтпесе, өміріңізге қауіп төнуі әбден мүмкін.

Алайда біліп туған ешкім жоқ. Әрбір шаңғы тебуші алдын ала ережемен таныс болуы қажет. Мамандардың айтуынша, келушілердің кейбірі шаңғы теппей, керісінше, жолақтың қақ ортасында тұрып суретке түсуге құмар. Ал қысқы спорт түрін енді бастап жүргендер ережеге бағынбай, тым биік жерге шығып кетіп жатады екен. Қазір бұл тау курортында  20-ға жуық  құтқарушы маман жұмыс істейді. Олар келеңсіз жағдайдың туындауы саяхатшылардың салғырттығынан болады дейді. Дәлірек айтқанда, тәжірибесіз шаңғышылар биік беткейге көтеріліп, қауіпті трюк жасайды.

Александр Голованов, Шымбұлақ тау-шаңғы курортында құтқарушы:

Өлімге әкелген жағдай болды. Ол қауіпсіздік шарасын бұзудан.  Мысалы, біз белгілі қауіпті жолақтарды жабамыз . Адамдар көрсетілген белгілерге, нұсқауларды ұстанбайды. Қауіпті жерге шығады, сол жерде көшкінге түсуі мүмкін. Кейбірінде жүрегі ұстап қалады. Үш жыл бұрын, ұмытпасам, бір маусымда үш жағдай болды. Екі жүрек талмасы, ал бір адам көшкінге түсіп қалды.

Демалыс курортында қала тұрғындары мен қонақтарына шаңғы және сноубордпен сырғанауына барлық жағдай жасалған. Биылдан бастап шаңғыны енді үйренуші балалар мен ересектерге бөлек жолақ ашылыпты. Арнайы мектепте шаңғы теуіп үйрететін 100-ге жуық маман жұмыс істейді. Жастар кәсіби тұрғыда спорттың қыр-сырын біліп қана қоймай, айтулы жарыстарға да қатыса алады.

Светлана Гамолина, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының PR менеджері:

Әрине, ең қауіпті спорттың бір түрі екенін мойындаймыз және курорт осы жағдайларды ескере отырып, қауіпсіздік шараларын қарастырған. Мысалы, 18-ден астам құтқарушы кезекшілікте жүреді. Олар үш станциядағы арқанды жолдарда  тұрады. 1-станцияда медпункт бар. Жарақат алғандарға міндетті түрде алғашқы көмек көрсетіледі. Құтқарушылар үнемі әр жолақты белгілеп, қауіпсіз аумақтарға арнайы белгілер қояды.

Былтыр Шымбұлақ кешеніне бір жарым миллионнан астам саяхатшы келіпті. Көне шаһардың көркіне көзайым болып, демалыс маусымын Шымбұлақпен байланыстыратын шетелдіктердің денін Қытай мен Үндістан азаматтары құраса, қос мемлекеттен кейін  Малайзия, сингапурлықтардың үлесі басым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.