«Қыс ұзақ әрі қарлы болмақ». Төтеншеліктер көктемге дайындала бастады
Төтеншеліктер қазірден көктемге дайындықты бастап кеткен. Олай дейтініміз, синоптиктер қыс ұзақ әрі қарлы болатынын бірнеше рет ескертті. Былтыр алапат тасқынды көрген мамандар күн жылынса, елді мекендерге көмек қолын созуға 40 мың адам жұмылдырылады деп отыр.
Автор: Айжан Шамшидин
10.01.2025
Мамандар әуелі қар көбесі ерте сөгілетін оңтүстік аймақтарды жіті бақыламақ. Наурызға таман солтүстік пен шығысқа, Орталық Қазақстанға қарай ауысады. Таулы аймақтарға шығып, шыңындағы қар адамдардың көмегімен ылдилатып түсіріледі.
Еске салсақ, көктемде еліміздің бірден 10 облысында қарғын су жүріп, төтенше жағдай жарияланды. Гидрологтар мұндай су тасқыны соңғы 80 жылда болмағанын айтты. Бір жылда қателіктерді саралап, алдағы маусымға тас-түйін дайынбыз деген төтеншеліктердің де сыналар шағына аз қалды.
Магомет Ахриев, ҚР ТЖМ департамент бас маманы:
— Арнайы жасақ құрамында жергілікті атқарушы органдар, төтеншеліктер бар. Барлық аймақта қазір қар деңгейін өлшеп шықтық. Омбы қардан тау етегін тазартып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!