Атырау мұнай-газ өңдеу зауытында жер астында құбыр жарылған
Атыраудағы мұнай-газ өңдеу зауытында апат болды. Өндіріс аумағында ақау шығып, жанармай жан-жаққа төгілген.
Автор: Жанат Молдашова
10.01.2025
Сарылдап аққан жанармай біраз аумаққа жайылған. Әлеуметтік желіге таралған бейнежазбадан кейін кәсіпорын ресми ақпарат берді. Зауыттағылар жер астындағы құбыр жарылды дейді. Қазір ол резервуардан ажыратылған. Өндіріс аумағына 20-30 тонна шамасында жанармай төгіліпті. Дегенмен ақау жойылып, зауыт баз қалпында жұмыс жасап тұр деп сендірді. Ал төгілген жанармайды кері сорып алып, қайта өңдеуге жіберген көрінеді. Қазір арнайы құрылған комиссия ақаудың себеп-салдарын анықтауға кірісті.
Нұрлан Есжанов, АМӨЗ директорының өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы:
— Жарылған құбырды таптық. Жердің астында жатқан. Қазір жөнделіп жатыр. Жердің астынан қазып,таптық. Не жағдай болғанын комиссия анықтайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!