{metadescription}
Болашақ кадр даярлаудағы жаңа стратегия шетелдік ғалымдармен бірге талқыланды
Болашақ кадр даярлаудағы жаңа стратегия шетелдік ғалымдармен бірге талқыланды

Болашақ кадр даярлаудағы жаңа стратегия шетелдік ғалымдармен бірге талқыланды

Жастарымыз әлемдегі беделді университеттерде жақсы білім алып, тәжірибе жинап, дүниетаным көкжиегін кеңейте алады. Бұл мемлекет басшысының соңғы сұхбатында айтылған. Осы ретте Алматыда қоғам қайраткері Серік Пірәлиевті еске алуға арналған халықаралық-педагогикалық форум өтті. Онда болашақ кадрларды даярлауда жаңа стратегияның қолданылуы шетелдік ғалымдармен бірлесе талқыланды. Академик кезінде өзі басшылық еткен Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында ғылыми жиын екінші мәрте өткізіліп отыр.

Келелі жиында 20-ға жуық мемлекеттен келген ғалымдар мен педагогтар, Серік Піралиевтің замандас әріптестері, шәкірттері мен дос-жақындары бас қосты. Онда сарапшылар білім беру саласына жаңа әдістер мен формаларды енгізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар академиіктің артында қалған мол мұрасына тоқталды.

Әзімхан Сатыбалдин, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Серік Жайлауұлы өте ірі білім және ғылым саласының ұйымдастырушысы. Тәуелсіз Қазақстан тарихында өте сирек кездесетін жағдай. Ол кісі екі ұлттық университет пен бір халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры болған адам. 20 жылдан астам тәжірибесі бар, министрліктегі бар реформаларды қолға алған азамат. Сондықтан да осы кісінің тәжірибесін бүгінгі таңда қалай өзгертеміз, сол мәселені бүгін қараймыз.

Әр елден келген ғалымдар білім беру саласын цифрландыру үшін кәсіби педагогтар даярлау, инновациялық процестер жайлы тәжірибе алмасты. Осы тұрғыда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында осы жылы елдегі білім мен ғылымды дамытуға аса мән беруге тоқталған.

Сандуғаш Құланова, "Q" Университеті ректорының міндетін атқарушы:

Президентіміз бізге үлкен мақсат қойып отыр жақсы педагогтарды даярлап, нарыққа шығаруды. Сол бойынша үлкен мәселелер қаралып, сонымен қатар экономика саласы, құқық саласында да жақсы баяндамалар болады. Серік Жайлауұлы жастарға қатты көңіл бөлді. Жастардың ғылым саласындағы жолын ашып, өзінің әкелік қамқорлығын көрсетті. Сонымен қатарөзінің үлкен ғылыми мектебін құрды.

Болат Тілеп, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы, ректоры:

Елімізде педагогикалық жоғарғы білім саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Атап айтқанда, мектеп, орта білім сапасын көтеруге қатысты бірқатар жаңа бастамалар. Өткен жылы 30 жаңа инновациялық білім бағдарламаларын жасадық. Олардың қазір 12-і жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енді. Бұл жерде, ең алдымен оқу осы бағдарламаларды педагогикалық университеттердің оқу процесіне енгізу. Екінші міндет бағдарлама арқылы оқып бітірген мамандарды мектептерге жіберу. Бұл жерде үлкен мәселе мектептермен байланыс мәселесі.

Жиынға келген қонақтар академик әрі ғалым Серік Пірәлиевтің туындылары ұсынылған арнайы көрмемен танысты. Тектілігін танытқан тұлғаның ерен еңбегі ел есінде. Ал отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткен шара білім беру саласында тәжірибе алмасуға жол ашады.

Мемлекет басшысының сұхбатында айтылғандай, бұл біздің жастарымыз әлемдегі беделді университеттерде жақсы білім алып, тәжірибе жинап, дүниетаным көкжиегін кеңейтуіне зор мүмкіндік. Әрі жас ғалымдардың шетелдегі ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуіне жағдай жасаудың да жолы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.