{metadescription}
«Таза Қазақстан»: Қарағанды орманшылары аң-құсқа қамқорлық көрсетіп жатыр
«Таза Қазақстан»: Қарағанды орманшылары аң-құсқа қамқорлық көрсетіп жатыр

«Таза Қазақстан»: Қарағанды орманшылары аң-құсқа қамқорлық көрсетіп жатыр

Қарағанды орманшылары аң-құсқа қамқорлық көрсетіп жатыр. Олар «Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушыларымен бірге орман ішіне ұялар мен жемсауыттар ілді.

Қыс түскелі қаладағы саябақтар мен гүлзарлардағы ағаштарға  200-дей ұя мен жемсауыттар орнатылды. Енді орманды алқаптарға құс ұяларын іле бастады. Жалпы қала маңында 5 мың 600 гектар орманды алқап бар, онда құстардың көптеген түрі мекендейді. Олар ағаштарды зиянкестерден сақтайтын орман санитарлары. Қорек таба алмаса, басқа жаққа ауып та кетеді. Жайлы болса, қыстап, балапан басады екен. Орманшыларға керегі де осы. 21 орман инспекторы жемсауыттарды өзі қолдан жасап, тоғайларға іліп жүр. Жабайы аңдар да назардан тыс қалмаған. Қыс мезгілінде қорек аз болатындықтан, оларға да жем-шөп беріледі.

Дулат Жұмабек орманшы:

Орманда6 қала маңында қояндар көп түлкілер көп. Құстардың да бірнеше түрі бар. :емсауыт қойып6 міне6 инспекторлар арасында осыларға жем, жарма, бидай немесе тары тағы басқа жем салып тұрады. Әр инспектор үш-төрттен ұя жасап іліп, одан кейін оқушыларды, мектептерді тартамыз. Көрдіңіздер, жаңа оқуышылар қатысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде