{metadescription}
Фристайл - могулдан әлем чемпионатында ел командасы екінші орын алды
Фристайл - могулдан әлем чемпионатында ел командасы екінші орын алды

Фристайл - могулдан әлем чемпионатында ел командасы екінші орын алды

Фристайл-могулдан Шымбұлақта өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында еліміздің командасы екінші орынға жайғасты. Спортшыларымыз үш медаль жеңіп алған.

Дүниежүзілік додада фристайлөмогулдан аралас жұптар бас сынасқан. Ел намысын қорғаған Юлия Феклистова мен Денис Раструба финалға дейін жетіп, ақтық сында америкалық спортшыларға есесін жіберіп алды. Яғни алтын жүлде америкалық, күміс қазақстандық, ал қола тағы бір америкалық могулистерге бұйырды. Бұған дейін Анастасия Городко параллельді могулда алтын, фристайл могулда күміс жеңіп алған болатын.

Жалпы командалық есеп бойынша бірінші орында Жапония, одан кейін Қазақстан, үшінші орында чехиялықтар. Бүгін жарыс жолына фристайл-акробаттар шығады. Жалпы юниорлар арасындағы фристайл могул және фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты  Шымбұлақта 7 қаңтарда ашылды. Ертең, жарыстың соңғы күні сайыс қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде