{metadescription}
Күнін, уақытын, пунктін таңдау құқығы бар — ҰБТ науқаны басталды
Күнін, уақытын, пунктін таңдау құқығы бар — ҰБТ науқаны басталды

Күнін, уақытын, пунктін таңдау құқығы бар — ҰБТ науқаны басталды

Қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің кезекті науқаны басталды. Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын, сондай-ақ тапсыру пунктін өзі таңдаған. 

Қаңтардағы ҰБТ-ға ақылы негізде жоғарғы оқу орындарына тапсыруға ниетті талапкерлер қатысады. Жазғы тестілеу кезінде де шекті балл жинай алмай қалыс қалғандар бағын сынап көруіне мүмкіндік туып отыр. 10 ақпанға дейін жалғасатын науқанға 167 мың талапкер өтініш беріп үлгеріпті. Жалпы тестілеуге берілген уақыт бұрынғыша төрт сағат. Тек биылдан бастап мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қосымша 40 минут бөлінеді. Көру қиындығы бар талапкерлермен көмекші адамның ілесіп кіруіне де рұқсат етілген.

Ғылым және жоғары білім министрі биыл мұндай студент саны мыңнан асты деп отыр. Қаңтардағы ҰБТ-ны таңдағандардың 45 пайызы инженерлік техника, ақпараттық технология мамандықтарына ден қойған.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Өте маңызды тестілеу болғандықтан, оны жиі-жиі ауыстыру дұрыс емес. Сондықтан соңғы үш жылды қарасаңыз, бір қалыпты, бір жүйемен келе жатырмыз. Адамдарды, талапкерлерді үйретуіміз керек. Ең үлкен өзгешелік төрт жылдай болған, енді жылына бес рет тапсыра алады. 167 мың түлек құжат тапсырды. Бұл былтырмен салыстырғанда 31 мыңға көбірек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.