{metadescription}
Бүйрегін сатпақшы болған атыраулық жігітке қатысты сот басталды
Бүйрегін сатпақшы болған атыраулық жігітке қатысты сот басталды

Бүйрегін сатпақшы болған атыраулық жігітке қатысты сот басталды

Ақтөбеде бүйрегін сатпақшы болған атыраулық жігітке қатысты сот басталды. Қарызға белшесінен батқан ол, ішкі ағзамды саудалаудан басқа амалым қалмады дейді.

28 жастағы Атырау тұрғыны қазір қолхатпен бостандықта жүр. Ол жарты жыл бұрын әлеуметтік желіге бүйрегін сататын айтып хабарландыру беріпті. Алғашқыда жұрт «әзіл болар» деп қабылдаған. Әйтсе де екі айдан соң ақтөбелік келіншек ағасы үшін донор керегін айтып саудаласып көреді. Атыраулық та сөзге келместен, бір бүйрегіне 9 миллион теңге сұрап, медициналық тексеруге кетер шығынды да қосады. Артынша Ақтөбеге жолға шығады. Осында ағзасын сатып алатын келіншекпен кездесіп, алдын ала 5 миллион теңгені алып жатқан сәтте ұсталды. Ал саудаласқан әйел тәртіп сақшылары жіберген адам болып шыққан. Сот басталған бойда «қалжың еді» деп ақталмақ болған сотталушы, кейін қарызға қарыз жамалып, жағдайының қиындап кеткенін айтты. Кінәсін де толық мойындап отыр.

Әділет Кенжалы, мемлекеттік айыптаушы:

Орынбасаров Атырау қаласында бола тұра, өз еркімен ішкі істер органдарына көмек көрсеткен Ақтөбе қаласының тұрғыны Бекешова Толғанай Сүндетқалиевнадан өз бүйрегін сатып алатыны туралы ұсыныс алып, ағзасын 9 миллион теңге бағалап, заңсыз жасалған келісімнен кейін, пайдакүнемдік ниетпен қасақана, тірі адам ағзасын заңсыз сатуға қатысты заңсыз мәмле жасау қылмыстық ойын аяғына дейін жеткізу мақсатында Ақтөбе қаласына баруға келісім берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде