Ақтау: Балалар алаңында ойнап жүрген оқушыны көлік қағып кетті
Ақтауда екі көлік соқтығысып, 13 жасар қыз зардап шекті. Балалар алаңында ойнап жүрген оқушыны «Хюндай» қағып кетті. Жарақат алған науқас дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Автор: Ислам Қабылұлы
13.01.2025
Апатқа кінәлі «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі жолмен келе жатқан Huindai-ға жол бермеген. Содан екеуі соқтығысып, жол шетіне ығысқан жеңіл машина балалар алаңқайының шарбағын бұзып кірген. Осы сәтте қыз бала ойнап жүрген екен. Жарақат алған оқушы бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның миы шайқалып, қорқып қалған, дейді дәрігерлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары