{metadescription}
FlyArystan рейске жіберілмеген 12 жастағы қыздың ата-анасына 5 миллион төлейді
FlyArystan рейске жіберілмеген 12 жастағы қыздың ата-анасына 5 миллион төлейді

FlyArystan рейске жіберілмеген 12 жастағы қыздың ата-анасына 5 миллион төлейді

Астана - Орал рейсіне жіберілмеген 12 жастағы Зере Галиеваның ата-анасына FlyArystan компаниясы 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы отбасының жеке адвокаты Данильхан Шағатаев Инстаграм парақшасында жариялады.

Былтыр 21 шілде күні кәмелетке толмаған егіз қыз  Зере мен Зәуре АҚШ-тан туған қалалары Оралға ата-аналарына жетпекші болады. Ол үшін сәл кідіріс жасап, Астанадан бағыт алған ұшаққа отыруы керек болатын. Алайда жауапты FlyArystan компаниясы ұшақтарды ауыстыру кезінде тұтастай борт ішінен «тек Зереге орын жетпей қалды» деген сылтаумен, оның жалғыз өзін кіргізбей қояды. Жасөспірім үш сағат бойы тікесінен тік тұрып, әуежайдағы азаматтарды тіркейтін жерде көпшіліктің көзінше жылап, не істерін білмей зәре-құты қашқан. Мұны естіген Зеренің анасы әуе компаниясын жазалауды сұрап, кейін азаматтық авиация комитеті заң бұзушылықты назарға алады.

Бүгін белгілі болғандай, Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты FlyArystan компаниясы жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге өтемақы төлейтіні туралы шешім шығарып, бұл әрекетін әкімшілік құқықбұзушылық ретінде тіркеді. Нәтижесінде мемлекетке 3 миллион теңге айыппұл төлеуі де міндеттелді.

Данильхан Шағатаев, адвокат:

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Air Astana компаниясының апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды. Бұған дейін тасымалдаушы моральдық шығын сомасын 5 миллион теңгеден 1,5 жарым миллион теңгеге дейін төмендетуді сұраған. Алматы сот коллегиясы аппеляциялық шағымды қанағаттандырмады. Бұл  жәбірленуші тарап 5 миллион теңгені алады деген сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде