40 жыл тартылып табаны көрінген Аралға су тола бастады
40 жылдан бері тартылып табаны көрінген Арал суға қайта тола бастаған. Теңіздің солтүстік бөлігінің көлемі 42 пайызға ұлғайып, 27 миллиард текше метрге жетіпті. Бұл Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесі деп отыр су ресурстары және ирригация министрі.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.01.2025
Су үнемдеу, трансшекаралық өзендердегі су ресурсын әділ бөлу мәселесінде Қазақстан көршілес елдермен келісімге келген. Жұмыс алдағы уақытта да жалғаса бермек. Ал Аралды қалпына келтіруге бағытталған жоба ең алдымен өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға сеп болмақ. Одан кейін балық шаруашылығы мен туризмді ойлауға болады. Министрліктің мәліметінше, қазірдің өзінде балық аулау көрсеткіші 8 мың тоннаға дейін артыпты. Теңіз суының тұздылығы да төрт есеге төмендеген. Жалпы өткен жылы Аралға 2 миллиард 600 миллион текше метрге жуық су жіберілген.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
— 2024 жылы Сырдария өзені бойынша Шардара су қоймасынан 15.1 текше шақырым су келді. Өкінішке қарай, жазда үнемі, осы ауыл шаруашылығы саласында вегетация кезінде су жетіспейтін проблема болған. Вегетация кезінде «Ақбұлақ» деген гидропульс арқылы бұрынғы жылдары 5-6 текше метр су өтсе, биыл вегитация 100 текше метрге дейін апаруға мүмкіндік алдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!