{metadescription}
Жамбыл облысында жүз тоннадан астам қант қызылшасы қар астында қалған
Жамбыл облысында жүз тоннадан астам қант қызылшасы қар астында қалған

Жамбыл облысында жүз тоннадан астам қант қызылшасы қар астында қалған

Жамбыл облысында жиналған қант қызылшасы алқаптарда тау болып үйіліп жатыр. Қазір жүз тоннадан астам тәтті түбір қар астында қалған.

Дабыл қаққан диқандар күн жылынса, жиналған өнім жарамай қала ма деп уайымдайды. Олар үсік шалып қатып жатқан қант қызылшасын сақтап қалу мүмкін емес дейді. Сондықтан еткен еңбек еш кетпес үшін өнімді ертерек өткізуден басқа амал жоқ екенін айтады. Шаруалар жиналған өнімді «шашау шығармай өткіземіз» деген әкімдік мамандары жайбарақат отыр деп қапалы. Биыл қант қызылшасын өткізу қиындағандықтан, кейбір шаруа дақылдың бұл түрін енді екпеуге бекінген.

Қамбар Қатаев, кәсіпкер:

Нашар болып жатыр. Бес пе, ұжым әлі өткізе алмай жатыр. Көрші ауылда екі ұжым өткізе алмай жатыр. Келе жатқанда көрген шығарсыңдар, жолда да үйіліп жатыр. Бәрі өткіззе алмай жатыр. Қиналып отыр. Шығын деген айтпай ақ қояйын. Кредит алып еккенбіз, 120 млн кетті. Шығынымыздыз өзі. Бәрін кепілге қойып, жұмыс істейміз бе деп едік, міне, оңбады.

Ал әкімдік қызылшаның қар астында қалуына жиналған өнімнің жоспардан көп болуы себеп дейді. Олар алқаптарда қалған өнім бір ай ішінде толық өткізіледі деп уәде беруде. Қазір ауылшаруашылығы басқармасының мамандары қалған өнімді темір жолмен Қырғызстанға жөнелтіп жатыр.

Әбдірасыл Желеубаев, Жамбыл облысы әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

2023 жылы 193 мың тонна өткіздік, Меркі қант зауытына. Биыл 600 мың тонна. Үш жарым есе көп. Үш жаққа жұмыс істеп жатырмыз. Көріп отырсыздар. Темір жолмен де, жүк көлігімен де жөнелтіп жатыр. Қалғаны 10-15 пайыз. 20-30 күн үлгеріп қалармыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде