{metadescription}
Ақтөбеде облысы ауруханасында істеген мейірбикеден туберкулез анықталған
Ақтөбеде облысы ауруханасында істеген мейірбикеден туберкулез анықталған

Ақтөбеде облысы ауруханасында істеген мейірбикеден туберкулез анықталған

Ақтөбеде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде былтыр жатқан балалар жаппай тексеріліп жатыр. Себебі осында жұмыс істеген мейірбикеден туберкулездің ашық түрі анықталған.

Өңірдегі балалар ауруханасында тексеріс жиілеген. Жыл аяғынан бері жансақтау бөліміндегі 55 медициналық қызметкер бақылауда. Себебі олар да әріптестерінен өкпе ауруын жұқтыруы мүмкін деген күдік болған. Бірақ бәрі дін аман екен. Енді осында емделген 769 бала рентгеннен өткізіліп, дәрігерлер бақылауына алынды. Құрт ауру анықталған мейірбике жұмысқа тұрғанына бір жыл енді болған жас маман екен. Күзде ауырып, пневмониядан емделген. Желтоқсанда туберкулездің ашық түрін жұқтырғаны нақтыланды. 

Нұрлан Қожин, Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бас дәрігер: 

Өзіміз тексеріс өткізгенде анықталды. Бірден оқшауладық. Қазір емделіп жатыр, әлі он-он екі күн туберкулезге қарсы диспансерде жатады. Жақсы қызметкер. Қыркүйек айынан бастап денсауылғы сыр бере бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде