Күн райы 12 градусқа жылынады — қар, жаңбыр, көктайғақ
Қаңтарда сақылдаған сары аяздың орнына плюс 12 градусқа дейін күн жылынады деп күтілуде. Синоптиктер алдағы күндері елімізде қар да, жаңбыр да жауып, көктайғаққа айналуы мүмкін деп болжап отыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.01.2025
Әсіресе елдің батысы мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көк тайғаққа айналады деп күтілуде. Өйткені түнде минус 10-15 градусқа дейін суытқанымен, күндіз 0 градусқа дейін жылынады деп отыр синоптиктер. Оңтүстікте тіпті қаңтардың ортасында көктемгі күн райы келгелі тұр. Мамандар мұнда күндіз плюс 12 градусқа дейін күн жылынады дейді.
Кәмшат Катауф, «Қазгидромет» РМК инженер синоптигі:
— Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауарайын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды. Бұл ауа райының тұрақсыз сипатына алып келеді, боран, қар, елдің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын, қар, көктайғақ күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!