{metadescription}
Бельгияда әлеуметтік төлемнің қысқаруына наразы азаматтар шеруге шықты
Бельгияда әлеуметтік төлемнің қысқаруына наразы азаматтар шеруге шықты

Бельгияда әлеуметтік төлемнің қысқаруына наразы азаматтар шеруге шықты

Бельгия азаматтары жаппай шеруге шықты. Қоғамдық көлік жүргізушілері, мұғалімдер, пошта қызметкерлері мен түрме күзетшілері зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің қысқаруына наразы. Қазір Бельгия астанасы Брюссельдің орталығына 100 мыңға жуық адам жиналған.

Жаппай шеруге шыққан автобус пен пойыз жүргізушілері жұмысын тастай сала, орталыққа қарай бет алған. Соның салдарынан қазір қоғамдық көлік пен қаларалық қатынас тоқтап тұр. Қауіпсіздік шараларына байланысты Брюссель әуежайында рейстердің уақыты да кешігіп жатыр. 

Айта кетейік, Бельгия билігіндегілер жәрдемақыны қысқартудан бюджеттің 3 миллиард еуросын үнемдеуге болатынын айтқан. Алаңға шыққандар енді Үкіметтен әлеуметтік төлемді арттыруын талап етуде. Сондай-ақ, шеруге шыққандар 1 қаңтардан бастап зейнет жасының 65-тен 66-ға дейін ұзартылуына қарсы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.