{metadescription}
Валюта айырбастау ережелеріне өзгерту енгізіледі
Валюта айырбастау ережелеріне өзгерту енгізіледі

Валюта айырбастау ережелеріне өзгерту енгізіледі

Ұлттық банк валюта айырбастау ережелеріне өзгерту енгізбек. Яғни сатып алу және сату бағамдарының арасындағы айырмашылықты реттеу үшін қайтадан шектеу белгілеуді көздеп отыр.

Данира Күмісбай, ҚҰБ басқармасының бас маманы:

— Бұл жобаға сәйкес, сатып алу мен сату бағамдарының айырмашылығына мынадай шек қою белгіленіп отыр: АҚШ долларына белгіленген баға 7 теңгеден, ал еуро 10 теңгеден аспауы керек.

Бұл өзгеріс ең алдымен валюта нарығында алыпсатарлықты шектеуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелін азайтуға бағытталған, дейді Ұлттық банк. Шектеу теңгенің нарықта тұрақтануына да әсер етеді деп үміттенеді мамандар. Банк тарапынан айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша дәл осындай шектеу шарасы бұған дейін де болған.

2020 жылы ол доллар айырбасы үшін 15, евроға 20 теңге деп белгіленген. Кейін, яғни үш жылдан соң күшін жойды. Қазір айырбас нүктелеріндегі сауда-саттықта ешқандай шектеу жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.