{metadescription}
Үкімет онлайн сауданы заңмен реттеуді қолға алады
Үкімет онлайн сауданы заңмен реттеуді қолға алады

Үкімет онлайн сауданы заңмен реттеуді қолға алады

Шетелдік маркетплейстерге енді Қазақстанда тіркелу міндеттелуі мүмкін. Үкімет мұндай онлайн сауданы заңмен реттеуді қолға алып жатыр.

Сауда министрлігінің мәліметінше, жұмысбасты қазақстандықтар интернет саудасын меңгеріп алғаны соншалық, 2020 жылдан бері маркетплейстердегі сауда қарқыны бес есеге артыпты. Онлайн сауда қыз-қыз қайнағанымен, шетелдік платформалардан опық жегендер саны да көбейген. Тапсырыс бергені түкке тұрмайтын зат болғанын көрген сәтте, қайда шағымданарын білмеген қазақстандықтар көмек сұрауда.

"Өзім де ұсақ-түйектің бәрін онлайн-дүкендерге тапсырыс беріп аламын" деген сауда министрінің бұл мәселені шешуде өз ұстанымы бар екен. Ең әуелі нарыққа енген шетелдіктерге заң солқылдақ болмауы керек дейді Арман Шаққалиев. Сондықтан алдағы бір-екі айда тауарлардың қауіпсіздігі мен контрафактімен күресті заңдық негізде шегелеп белгілеу қолға алынбақшы.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Мемлекеттер арасындағы арақашықтық үлкен болғандықтан, тауарды қайтару немесе айырбастау талаптарын орындау мүмкін бола бермейді. Сонымен қатар шетелдік интернет-дүкендерден сатып алынған тауарлар сертификаттау рәсімінен өткізілмейді. Бұл өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қауіп төндіруде. Сол үшін заңды қайта қарап, адал бәсекелестікті қамтамасыз етіп, отандық және шетелдік маркетплейстерге тең жағдай жасау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.