{metadescription}
Порно-видео түсіріп табыс тапқан ұйымдасқан қылмыстық топ тергелді
Порно-видео түсіріп табыс тапқан ұйымдасқан қылмыстық топ тергелді

Порно-видео түсіріп табыс тапқан ұйымдасқан қылмыстық топ тергелді

Модель агенттігінің атын жамылып, интим бизнеспен айналысқан. Ішкі істер министрлігі порнографиялық видеоларды түсіріп тарату арқылы табыс тауып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың ісін тергеуді аяқтады. Көп эпизодтан құралған қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Қазақстан мен шекаралас елдердің азаматтарынан құралған топтың арсыз бизнесі екі жыл бұрын әшкереленген. Күдіктілер еліміздің бес ірі қаласынан, яғни Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Ақтөбеден ұсталған. Олардың жалпы саны 21 адам. Тәнін көрсетіп, онлайн жезөкшелікпен айналысуға 18-25 жас аралығындағы қыздар тартылған. Web-cam арқылы интим сипаттағы материалдар дайындап әрі таратып келген топтың ақша айналымы 3 миллиард теңгеден асыпты. Олар енді 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, бүкіл мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Былтыр желтоқсанда осыған ұқсас қылмыстық сызбаның жолы кесілді. ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен аумақтық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілдері бір мезгілде еліміздің 11 өңірінде аталған қылмысқа қатысы бар 50-ден астам адамды құрықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҰҚТ құру және оған қатысу фактісі бойынша жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.