{metadescription}
Талғар ауданының полициясына жаңа басшы тағайындалды — Асхат Бекенов
Талғар ауданының полициясына жаңа басшы тағайындалды — Асхат Бекенов

Талғар ауданының полициясына жаңа басшы тағайындалды — Асхат Бекенов

Алматы облысындағы Талғар ауданының полициясына жаңа басшы тағайындалды. Жауапты қызметке Асхат Бекенов жайғасты.

Жаңа басшы өз қызметін ішкі істер органдарында осыдан 27 жыл бұрын Павлодар облысынан бастаған. Бұған дейін 45 жастағы Асхат Бекенов Алматы қаласының криминалдық полиция басқармасы бастығының лауазымын атқарған.

Еске салсақ, Талғар ауданы полиция басқармасының бұрынғы басшысы Нұржан Күнтуов үш ай бұрын қызметінен босатылған. Сондай-ақ 16 жасар Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу басталғанда, әкімдік, прокуратура және осы полицияда лауазымды қызметкерлер жұмыстан шеттетілген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде