Алматыда құтқарушылар өртенген үйден үш газ баллонын шығарып үлгерді
Таңда төнген тілсіз жау. Алматыда жер үй өртенді. Түтін иісінен тұрғындар дүрлігіп, дереу далаға шығып аман қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баспанадан үш газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген.
Автор: Әсем Лесбек
14.01.2025
Данияр Жүсіпов, Медеу ауданы ТЖБ бастығы:
— Адамдардың бар-жоғына барлау жүргізілді. Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түскен жоқ. Өрттің көрші үйлерге таралу қаупі жойылды. Тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді. Өрт жарты сағат уақыт ішінде сөндірілді.
Тілсіз жау аз уақыттың ішінде 250 шаршы метр аумақты күлге айналдырған. Қызыл жалын барак типті үйдің үш бөлмесін түгел шарпыған. Оны жалға алушылар енді басқа баспана іздеуге мәжбүр. Үйдің иесі де далада қалды. Қазір оған аудандық әкімдік уақытша орналасатын жер қарастырып жатыр. Мамандар қыс оқиғаның себеп-салдарын анықтауға кірісті.
Денис Паскарь, зардап шегуші:
— Досым екеуміз сыртта, басқа аулада тұрғанбыз. Кенет шатырдан қою түтіннің шыға бастағанын байқадық. Басында үйдің төбесі қатты өртенді, желдің әсерінен бе, әлде басқа бірдеңе болды ма, шатыр толығымен отқа оранды. Сол өрт қасында тұрған ғимаратқа тарай бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!