{metadescription}
Талап күшейтілді: Ұлттық құрамада легионерлер жоқ
Талап күшейтілді: Ұлттық құрамада легионерлер жоқ

Талап күшейтілді: Ұлттық құрамада легионерлер жоқ

Туған жері Моңғолияға кері қайтқан дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстан алдындағы міндеттерін толық өтеген. Бұл кейс қыздар дзюдосына оң серпін беріп, артынан жас спортшылардың тәрбиеленуіне мүмкіндік берді деп санайды спорт министрі. Қазір балуан тума-туыстарының ортасына, туған жеріне оралуды жөн деп шешкен. 

Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

Федерациямен сөйлестік. Спортшының отбасы, түп-тамыры Моңғолияда. Спортшы енді өз құрамасымен жұмысын жалғастырады. Ол 2015 жылдан бастап Қазақстан атынан шығып, Рио олимпиадасында қола жүлде алды. Артынан қанша шәкірт ерді. Енді тек отандық спорт мектебінің тәрбиленушілерімен жұмыс істейміз. Өз кадрларымызды дайындаймыз.

Дегенмен қанша жерден алтын басты легионер болса да, министрлік біртіндеп мұндай спортшыларды елдеріне қайтаруда. Президент қазақ спортын легионерлерден тазарту туралы пәрмен бергені сол-ақ екен, бүгінде ұлттық құрама тек отандық спортшылардан тұратынын Ербол Мырзабосынов сүйіншілеп айтты. Министрлік енді тек отандық спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен жұмыс істемекші. Ал жекелеген спорттық клубтарда жағдай мұндай қарқын алмаса да, шетелден маман тарту әдетінен біртіндеп алшақтауда. Келісімшартпен жұмыс істеп жүргендері уақыты бітісімен елдеріне қайтады. Мәселен күні кеше «Барыс» хоккей клубынан 10 легионер кеткен.

Ербол Мырзабосынов ҚР Туризм және спорт министрі

Бүгінде ұлттық құрамада легионер мәселесі мүлде жоқ. Ал спорттық мына клубтарда, жаңа «Барысты» да атап өттік, қандай да мықты дейгейлі спортшы болса да, үйіне қайтарып жатырмыз. Ол енді клубтық мәселе. Ал Ұлттық құрамада легионерлер жоқ. Азаматтық алған бір-екі спортшы бар. Біз оларға да заң аясында өз талабымызды күшейтіп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде