«Алаяқтық». Жамбылдық киберполиция шетелге қашып бара жатқан «дропперді» ұстады
Жамбылдық кибер-полицейлер шетелдік «дропперді» алаяқтық үшін ұстады. Қаскүнем бірнеше тұрғынның шотынан ақша шешіп, шетелге қашып бара жатқан жерінен қолға түскен.
Автор: Сәбит Әлдебай
14.01.2025
33 жастағы Ресей азаматы біраз уақыттан бері алматылықтардың есепшотынан ақша шешіп отырған. Ол бұл алаяқ схемамен тараздық зейнеткерді де сан соқтырып кетті. Күдікті кейуананың банк картасын қолға түсіріп, 13 млн 200 мың теңгесін банкоматтан шешіп алыпты. Жымысқы ісін жүзеге асырған соң шетел азаматы ел аумағынан шығып кетпек болған. Бірақ із суытып үлгермей ұсталды. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!