Үндістандағы фестивальға 400 миллиондай құлшылық етуші жиналмақ
Үндістанда әлемдегі ең ауқымды фестиваль басталды. Биылғы шараға, кем дегенде, 400 миллион құлшылық етуші жиналмақ. Бұл 12 жылда бір ұйымдастырылатын Маха Кумбха Мела атты діни мереке.
Автор: Шапағат Мырзабекова
14.01.2025
Маха Кумбха Мела немесе "Үлкен құмған мерекесі"45 күнге созылады. Ғибадат етушілер Ганг өзеніне түсіп жуынады. Үнділердің нанымы бойынша, адам осылайша күнәларын жуып-шаяды. Рухани тазарумен қоса, халықтың бірлігін де нығайтады дейді. Ұйымдастырушылар фестивалға орай арнайы мобильді қосымша жасап шығарған. Яғни құлшылық етушілер ғибадатханалар, шомылатын жерлер, медпункттер мен дүкендердің қайда орналасқанын көре алады. Чат-бот 12 тілде қызмет ұсынады. Ал қауіпсіздікті бақылау үшін мамандар мыңдаған су асты және әуе дрондарын іске қосқан. Бұл техника тек қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, түнгі аспанда үнді мифологиясынан үзінділер қойып, жұртқа дрондар шоуын көрсетпек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!