{metadescription}
Ақтөбе: Қаскөй кепілге алған келіншек есін жиды
Ақтөбе: Қаскөй кепілге алған келіншек есін жиды

Ақтөбе: Қаскөй кепілге алған келіншек есін жиды

Ақтөбеде қаскөйдің кепілінде болып оңбай жараланған келіншек есін жиды. Оны жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырған.

Дәрігерлер оның қайғылы оқиғадан әзірге бейхабар екенін айтады. Бірақ сол күні не болғанын қайта-қайта сұрап жатыр екен. Басынан жарақат алған онымен қазір психолог жұмыс істеп жүр. Әке-шешесінің бақилық болғанын да білмейді.

Еске салсақ, күні кеше танысының үйіне келген жігіт 40-тағы келіншекті әке-шешесімен бірге кепілге алған. Үш сағатқа созылған келіссөз нәтиже бермей, ақыры полиция басып кірген. Полиция департаментінің бастығы «сәтті өтті» деп сипаттағанымен, арнайы операцияден кейін ерлі-зайыпты қарттар ажал құшты. Ауыр соққылар мен пышақ жарақатынан қаза тапқан зейнеткерлер ертең жерленеді. Марқұмдардың үйінің есігінен мөрі алынып, жақындары жаназасына дайындалып жатыр. Ал аман қалған келіншек ауруханадан әзір шықпайды.

Мақсат Оразжанов, Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Оқиғаның бәрін сұрайды. Енді есін жиған соң, не болғанын, бәрін сұрап жатыр. Әке-шешесін де сұрайды. Сондықтан көп ақпарат бермейміз, денсаулығына байланысты. Төсек тартып жатыр. Тұруға, жүруге рұқсат етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде