{metadescription}
БҚО-да аударылған жүк көлігіне радиация мамандары шақырылды
БҚО-да аударылған жүк көлігіне радиация мамандары шақырылды

БҚО-да аударылған жүк көлігіне радиация мамандары шақырылды

Батыс Қазақстан облысында аударылған жүк көлігі үшін радиациялық қауіпсіздікке жауапты мамандарды шақыруға тура келді. Себебі тетрагидрофуран химиялық қоспасының бір сәтте жарылу қаупі болған. 

Белорусьтен келе жатқан көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай арыққа аударылып, 21 тонна химиялық қоспа құйылған ыдысымен шашылған. Абырой болғанда құтылардың аузы ашылып кетпей, сұйықтық төгілмепті. Тетрагидрофуран еріткішін өндірісте қолданады. Түссіз сұйықтық тез жанады, тіпті жарылып кетуі де ықтимал. Теріге тисе күйдіріп, иіскеген адамның тыныс жолы зақымданады. Радиация-химия қызметінің мамандары көлік аударылған аумақты тексеріп, топырақ пен ауадан сынама алған. «Төніп тұрған қауіп жоқ» деген шешім шығарды.

Нұралы Мусиев, БҚО ТЖД басқарма бастығы:

Жүк көлігінің жүргізушісіне бөшкелерді жаңа келген жүк көлігіне тиеу және де жол жиегіне шығып кеткен жүк көлігін жолға шығару бойынша жұмыс істелді. Операция сәтті аяқталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде