{metadescription}
«Жабылып ұрған». Жамбыл облысында оқушы өліміне кінәлі үш жасөспірім сотталды
«Жабылып ұрған». Жамбыл облысында оқушы өліміне кінәлі үш жасөспірім сотталды

«Жабылып ұрған». Жамбыл облысында оқушы өліміне кінәлі үш жасөспірім сотталды

«Жабылып ұрған». Жамбыл облысында 8-сынып оқушысының өліміне қатысы бар деген үш жасөспірімге сот үкім кесті. Жұдырығы жуан екі оқушы алты жыл сегіз ай бас бостандығынан айырылса, үшінші күдіктінің бір жылға бостандығы шектелді.

Қайғылы оқиға былтыр оқу жылының соңында Байзақ ауданындағы Құмжота ауылында болған. 14 жастағы оқушы кеуде тұсынан алған ауыр соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырды. Ал әлімжеттік көрсетіп жұдырық жұмсаған бір жас үлкен оқушылар. Сот сараптамасына сәйкес, күдіктілер 8-сынып оқушыларын жинап, өзіне бағынуды бұйырған. Ал қарсы шыққандарға күш қолданған. Енді олар жазасын жасөспірімдерге арналған мекемеде өтейді. Сондай-ақ сотталған екі оқушының жақындары 5 және 6 миллион теңгеден сот шығынын өтеуге міндеттелді.

Гүлмира Әлімқұлова, Жамбыл облысы жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

ҚР ҚК 58-бабының талаптарына сәйкес, тағайындалған екі жазаны ауырлығы қатаң емес жазаны, ауыр жазаға сіңіру арқылы түпкілікті 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәсі сотта дәлелденді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде