{metadescription}
Атырау облысы: Тасқыннан кейін көлшіктерде қалып қойған балық қырылып жатыр
Атырау облысы: Тасқыннан кейін көлшіктерде қалып қойған балық қырылып жатыр

Атырау облысы: Тасқыннан кейін көлшіктерде қалып қойған балық қырылып жатыр

Атырау облысында тағы балық қырылып жатыр. Көктемгі тасқыннан кейін мұндай жағдай бірнеше рет қайталанып отыр. Өйткені өзеннің сағалары мен көлшіктерде қалып қойған шабақ өте көп.

Балықшылардың бейнежазбасы. Көл беті кілкіген шабақ. Өлісі мен тірісі аралас. Қырылып жатқан сазан, мөңке, жайын шабақтары. Жайық-Каспий облысаралық бассейндегі балық шаруашылығы инспекциясы мамандарының айтуынша, қазір бұл аумақта құтқару жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Әзірге 180 мың шабақ судан сүзіп алынып Жайық өзеніне жіберілген.

Алмас Жұмашов, Жайық-Каспий облысаралық бассейндегі балық шаруашылығы инспекциясы бас маманы:

— Көктемгі өр суынан бөлініп қалған жайылым суда көп мөлшерде балық анықталған болатын. 14 қаңтар күні инспекцияның бақылау-қадағалау жұмысы кезінде Махамбет инспекция бөлімінің мамандары 180 мың дана шабақты құтқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде