«Алты жылда 85 млн». Түркістан облысында мүгедек балалардың ақшасын ұрлаған
Түркістан облысында оңалту орталығының басшысы мүгедек балаларға арналған ақшаны жымқырып келген. Мақтарал ауданындағы мекемеде алты жылда 85 миллион теңгенің қалтаға кеткенін прокурорлар анықтады.
Автор: Бек Әбиев
15.01.2025
Директор мен бас есепші 2018 жылдан бері бухгалтер базасына жалған мәліммет енгізіп, мүгедек балалардың қажетіне арналған қаражатты өздерінің банк пшотына аударыпты. Осылайша алты жылда 85 миллион теңгеден артық ақшаны қалтаға басқан. Қолды болған қаржыны қайтару үшін сот орталық басшысының 35 миллион теңгелік пәтерін тәркіледі. Ал директорың өзі 8 жылға, есепшісі 7 жылға абақтыға жабылды, жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!