Елімізде бала туу көрсеткіші төрт пайызға төмендеген
Елімізде бала туу көрсеткіші төмендеген — алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт пайызға аз. Былтырғы тоғыз айда елімізде 278 мыңнан астам нәресте дүние есігін ашыпты.
Автор: Ақтоты Жұмабек
15.01.2025
Бала туу көрсеткіші ең жоғарғы — Түркістан облысы. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, облыста 40 мыңнан астам сәби өмірге келген.
Алматы қаласы екінші орынды иеленді. Онда 26 мың сәбидің кіндігі кесіліпті.
Үздік үштікті 24 мың жаңа туған нәрестемен көбейген Алматы облысы аяқтап тұр.
Ал ең аз көрсеткіште Ұлытау өңірі мен елдің солтүстік, шығыс аймақтары. Бұл өңірлерде бір жылда 3 мыңнан 6 мыңға дейін ана сәбилі болған. Ал сол аналардың жас айырмашылығы орта есеппен 28 жас шамасында.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында туылған сәби саны Ең көп бала дүниеге келген:
Түркістан облысы 40,3 мың
Алматы қаласы 26,1 мың
Алматы облысы 24,2 мың
Орташа – САРЫ ТҮС
Жамбыл облысы – 18,4
Атырау облысы – 11,5
Қызылорда облысы – 14,1
Қарағанды облысы – 11,8
Жетісу облысы – 9,5
Абай облысы – 7,2
Павлодар облысы – 7,0
Қостанай облысы – 7,0
Ақмола облысы – 7,7
Маңғыстау облысы – 14,8
Ақтөбе облысы – 13,6
Ең аз бала дүниеге келген:
Ұлытау облысы 3,1 мың
Солтүстік Қазақстан облысы 3,9 мың
Шығыс Қазақстан облысы 6,4 мың
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!