{metadescription}
Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді
Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді

Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді

Ақтөбеде үш адамды кепілге алған күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қырық жастағы ақтөбелік бірнеше сағат бойы жертөледе тұтқында ұстаған зейнеткерлер қаза тауып, олардың қызы ғана аман қалған еді.

Қаза тапқан қос зейнеткерді бүгін жерлеу рәсімі өтті. Қылмыс болған шаңырақтарынан жаназасын шығарды. Қаралы жиынға жиналған марқұмдардың жақындары мен таныстарының сырт адамдармен қанды оқиғаға және қаза тапқандарға қатысты сөйлескісі жоқ. Сондықтан тілшілерді де жуыта қоймады.

Естеріңізге сала кетейік, 74 жастағы қарт пен оның 67 жастағы жұбайын күдікті екі күн бұрын ұрып-соққан. Онымен қоймай, пышақпен кескілепті. Ауыр соққыдан қансыраған оларды жертөлеге қамап тастайды. Әжей сол жерде қаза тапса, қария ауруханаға жеткен соң жантәсілім етті.

Күдіктімен арадағы келіссөздің ұзаққа созылып, ақырында адам өлімімен аяқталуына қатысты тәртіп сақшыларына айтылып жатқан сын көп. Бірақ полиция департаменті оған қатысты әзірге ләм-мим демеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде