Көлікті бес минуттан артық қыздыруға қатысты тыйым қайта қаралмақ
Көлікті бес минуттан артық қыздыруға қатысты тыйым қайта қаралатын болды. Әділет министрлігі арнайы ведомствоаралық комиссия құрылатынын айтты.
Автор: Айжан Шамшидин
16.01.2025
Комиссия құрамына парламент депутаттары мен экологтар, Үкімет мүшелері кіреді. Әзірге жұмыс тобының мәселені қанша уақытта қарайтыны белгісіз.
Күні кеше ғана ақжолдық депутаттар бұл түйткілді көтеріп, депутат сауалын жолдаған. Жалпы ел арасында қызу талқыланып жатқан норма ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа заң емес. Бұған дейін де көлік қозғалтқышын бес минуттан артық уақыт оталдырғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің
597-бабы, 1-бөлігіне сәйкес жаза қарастырылған. Айыппұл шамамен 20 мың теңге. Тек мұндай жаза азаматтардан шағым түскен кезде және арнайы бейнежазбамен расталған жағдайда қолданылады.
Ботагөз Жақселекова, ҚР Әділет вице-министрі:
— Депутат сауалында бұл мәселе көтерілді. Көп ұзамай ғалымдар мен парламент депуттарынан комиссия құрылады. Сол жерде барлық сұрақ бүкпесіз көтеріледі деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!