Петропавлдағ «Жастар» стадионы өртеніп, бірнеше көлік отқа оранды
Петропавлдағы «Жастар» стадионы түгі қалмай жанып кетті. Тілсіз жау маңайдағы гаражды да шарпып, бірнеше көлік отқа оранған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
16.01.2025
Стадиондағы өрт таңғы сегіз шамасында тұтанған. Тез күш алған жалын тиген жерінің түгін қалдырмапты. Жалпы аумағы 2200 шаршы метрді шарпыған. Оның ішінде ені 30, ұзындығы 72 метрлік жасанды газоннан тек күл қалды. 16 арнайы техникасы бар 58 өрт сөндіруші қызыл жалынмен екі сағат бойы алысқан. Гараждың да сау тамтығы қалмаған. Келген шығын аз емес. Өрттен кейін екі трактор, бір «Газель» мен стадион қызметкерінің көлігінің қаңқасы қалды. Ал әкімшілік ғимаратқа от тимеген. Аталған нысанда қаланың 8-16 жас аралығындағы 426 бала футбол және көгалдағы хоккеймен айналысқан. Өрт таңғы уақытта болған соң, олар жаттығуға келіп үлгермепті. Енді олар жаттығуын басқа спорт кешенінде жалғастырады.
Олжас Ахметжан, СҚО балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру орталығының директоры:
— Балалар мен жасөспірімдер оқу-жаттығуы тоқтатылмайды. Келесі аптадан бастап осындай шешімге келіп отрымыз. Балалар мен жасөспірімдер оқу жаттығуын «Жеңісте» жүргізеді. «Олимп» деген балалар мен жасөспірімдер кешенінде де жүргізіледі. Сол орында 426 оқушының бәрі екіге бөлініп жаттығады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!