{metadescription}
Қарағандыда балабақшада өртеніп, 88 адам құтқарылды
Қарағандыда балабақшада өртеніп, 88 адам құтқарылды

Қарағандыда балабақшада өртеніп, 88 адам құтқарылды

Қарағандыда балабақшадан өрт шығып, 88 адам құтқарылды. Оның 82-сі — бүлдіршін. Жертөледен шыққан оттың түтіні дем арада ғимаратты жайлап кеткен.

Оқыс оқиға таңартең болды. Түтіннің иісін сезген тәрбиешілер бірден өрт сөндірушілерге қоңырау шалыпты. Сөйтсе жертөледегі электр сымдарынан шыққан от заттарға түсіп, от бықсығын. Құтқарушылар шұғыл түрде іштегілерді далаға шығарды. Балақайларды аязға тоңдырмау үшін арнайы көліктерін де әкеліпті. Кейін балаларды ата-аналары үйіне әкетті. Қызыл жалын бірден ауыздықталған.

Думан Дәлешов, Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары:

 Өрт орнына шұғыл түрде жті техника, 22 адам жұмылдырылды. Жеке балабақшадан 82 бала шығырылып, уақытша жылыту пунктіне орналастарылды. Қазір балалардың өміріне қауіп жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде