Мигранттарды шекарадан заңсыз өткізіп келген жиырма адам ұсталды
Еліміздің бес облысында мигранттарды шекарадан заңсыз өткізіп келген жиырма адам ұсталды. Олардың бірі шетелдіктерді тау асырып алып келсе, бірі жалған құжат жасап жұмысқа орналастырған.
Автор: Сәбит Әлдебай
16.01.2025
Полицияның мәліметінше, қылмыстық топтардың өзара байланысы болмаған. Алайдаа йласын асырып келгендер бірдей іспен айналысқан. Қызылорда облысында қолға түскендер жалған анықталамар беріп, мигранттарға ел аумағында емін-еркін жүріп тұруға жағдай жасаған.
Ал Жамбыл және Түркістан облысында ұсталғандар заңсыз шекара асып келгендерге, жалған құжат жасап беріп отырған. Олардың кейбірін ел аумағына таулы аймақтармен кіргізгені анықталды. Қазір шекараны заңсыз кескендерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Қуандык Алпыс, ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
— Барлық факті бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапқа тартылады. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!