Ақтөбеде мас күйде жолаушы тасымалдаған автобус жүргізушісі ұсталды
Ақтөбеде араққа сылқия тойып алып жолаушы тасымалдаған автобус жүргізушісі ұсталды. Оның мас екенін қоғамдық көлікке мініп-түскендердің ешқайсысы байқамаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
16.01.2025
Қаланың орталық көшесінде теңселе қозғалып, қиралаңдаған автобусқа жол сақшыларының көзі бірден түседі. Қоғамдық көлікті тоқтатып жүргізушіні сөзге тартқанда, ішімдік иісі мүңк етіпті. Жолаушыларды сол жерден түсіріп, жүргізушіні тексеруге апарған. Сөйтсе, оның расында мас екені дәлелденіп, бірден қамауға алынды. Ал жолаушылардың бірде-бірі жүргізушінің ішімдік ішіп алғанын байқамапты.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Тест олардың күдіuін растап, жүргізуші расында да мас күqде болғаны анықталды. Құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, автобус арнайы тұраққа қойылды. Енді жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жүргізушіні әкімшілік қамауға алып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!