Аустралия: Сәбиін әдейі улап, жұрттан 60 мың доллар жылу жинаған
Сәбиін әдейі улап, жұрттан 60 мың доллар жылу жинаған. Аустралияда блогер әйел бір жасар қызына қасақана қауіпті дәрі-дәрмектер беріп, қайырымды жандардан көмек сұраған.
Автор: Әсем Лесбек
16.01.2025
Баласының ауыр дертке шалдыққанын айтып, елден арнайы платформа арқылы қомақты қаражат жинапты. Шындығында әйел қызына екі айдан астам заңсыз жолмен немесе ересек туыстарына берген нұсқаулықпен алған препараттарды берген. Сөйтіп дірілдеп-қалшылдап жатқан сәбиін видеоға түсіріп, желіге жүктеп, жұрттан көмек сұраған. Қайта дәрігерлер сәбиге дер кезінде көмек көрсетіп, бетін бері қаратыпты. Қазір жергілікті полиция 34 жастағы қатыгез ананың үстінен қылмыстық іс қозғап, оны қамауға алған. Ал елден жиналған қаржы сол платформа арқылы иелеріне қайтарылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!