Алматыда суық су құны 10 пайызға өсіріледі
Тариф арзандамайды. Керісінше, 1 ақпаннан бастап Алматыда суық суға жаңа баға бекітілді, оның құны 10 пайызға өспек. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияны реттеу комитеті мәлімдеді.
Автор: Шапағат Мырзабекова
17.01.2025
Оның айтуынша, қаладағы құбырлардың тозығы жеткен. Коммуналдық желінің 55 пайызы ескіріп, сапа деңгейі жағынан сары аймаққа кірген. Мамандардың айтуынша, желі 2031 жылға дейін жаңартылады. Бағаның қымбаттау себебі де осы. Тұтынушылар ай сайын төлейтін қаражаттың бір бөлігі үндемдеуіш технологияны енгізуге, жабдық жаңартуға, сондай-ақ желіні жөндеуге бағытталмақ. Сондықтан су, жарық пен жылу бағасы арзандамайды, -дейді департамент өкілдері.
Әсел Буденеева, Алматы қаласы, Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияны реттеу комитеті департаментінің басшысы:
— Тариф бекітілген бес жылдық мерзім өткен соң, баға төмендейді деу — қате. Өйткені қалада бәрі әбден ескірген, желінің тозығы жеткен. «Алматы су» тозу жүйесі бойынша қазір сары аймақта тұр. Коммуналдық қызмет бағасы жыл сайын көтеріледі. Инвестициялық бағдарлама келесі бес жылдық кезеңде желі тозуын 1-ден 3 пайызға дейін төмендетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!