Ескерту: 14 облыста күн райы күрт бұзылады
35 градус аяз күтіледі. Алдағы демалыс күндері елдің бүкіл аумағында ауа температурасы күрт төмендеп, қар жауып, боран соғады.
Автор: Шапағат Мырзабекова
17.01.2025
Синоптиктер еліміздің басым бөлігіндегі күн райын Атлант мұхитынан келетін циклон айқындайтынын айтты. Яғни батыс пен оңтүстік өңірлерде қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Қазірдің өзінде сарышұнақ аяз тұрған солтүстікте де сынап бағамы төмендеген. Ал ертең түнде Түркістан облысында қар аралас жауын басталуы ықтимал.
Жалпы ел бойынша алдағы үш күнде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады. Метеорологтар Астана қаласы мен 14 облыста күн райының күрт бұзылатыны туралы ескерту жариялады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!