{metadescription}
Ақтауда ҰБТ мен зияткерлік мектепке дайындайтын оқу орталығына алданып қалған
Ақтауда ҰБТ мен зияткерлік мектепке дайындайтын оқу орталығына алданып қалған

Ақтауда ҰБТ мен зияткерлік мектепке дайындайтын оқу орталығына алданып қалған

Ақтауда балаларды ҰБТ мен зияткерлік мектептерге дайындайтын оқу орталығына алданғандар шу шығарды. LETS орталығының басшысы 200-ге тарта ата-анадан бір жылдың ақшасын жинап алып, табанын жалтыратқан. Тіпті осы жерде сабақ берген мұғалімдерге де еңбекақы төлемепті.

Баян Тұрғанбаева:

  Байланысқа шықпайды. Кеше чатта Мамед деген ғимараттың басшысы шығатынын айтты. Сонда бұл алаяқтықты білдіреді ғой. Ақшасын ала алмай отырса, не үшін ол кісімен шығып сөйлеседі? Не үшін ол бізге «қайтадан оқуды жалғастыра берсін» деп айтады? Осы бизнесті жалғастырып кетуге керек дейді. «Сіздерге жай ғана көмектесем» дейді. Әр ата-ана 20 мың теңгеден төлеуі керек. 200 ата-анадан 20 мың   4 млн болады. Қарайған ақша ғой!

LETS оқу орталығының негізін қалаушы Атырау қаласында тұрады екен. Белгілі блогерлер жарнамасын жасаған соң, қатты сендік, дейді ата-аналар. Тіпті ұл-қыздарын оқытуға несие алып, әрқайсысы 490 мың теңгеден ақша төлеген. Алайда қолында келісімшарты бар ата-аналар енді ақшасын даулап жүр. Өйткені оқу орталығының басшысы ізім-ғайым жоғалған. Амалы таусылғандар қала прокуратурасына жаппай арыз жазды.

Бағдаулет Ахметов, Ақтау прокуратурасының бөлім бастығы:

  LETS білім беру орталығының басшыларына қатысты полиция және басқа да мемлекеттік уәкілетті органдармен бірлесіп,  тиісті тапсырма беріп, арыздағы уәждерді жан-жақты тексеріп, тиісті шара қабылданады. Ата-аналарына хабарланатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.