{metadescription}
Семейде заңсыз көліктердің VIN кодын ауыстырумен айналысқан алматылық ұсталды
Семейде заңсыз көліктердің VIN кодын ауыстырумен айналысқан алматылық ұсталды

Семейде заңсыз көліктердің VIN кодын ауыстырумен айналысқан алматылық ұсталды

Семейде шетелден заңсыз әкелінген көліктердің шынағы мен шасси нөмірін ауыстырумен айналысқан азамат ұсталды. 40 жастағы Алматы қаласының тұрғыны техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде астыртын жұмыс істеген.

Көліктердің VIN кодын ауыстырумен айналысатын күдікті Семейге арнайы келген көрінеді. Әйтсе де жымысқы ойы жүзеге аспады.Ол автокөліктерді тізіп қойып, шанағы мен шасси нөмірін қолдан жасап жатқан жерінен ұсталды. Тәртіп сақшылары тінткен кезде лазерлі принтері бар жабдық, ноутбук, үш телефон тәркіледі. Сондай-ақ деректерін өзгертуге дайындалып жатқан тоғыз автокөлік айыппұл тұрағына тоғытылды. Темір тұлпарлар Ресейден әкелінген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде