{metadescription}
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған борт қозғалтқышынан құс қауырсыны мен қаны табылды
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған борт қозғалтқышынан құс қауырсыны мен қаны табылды

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған борт қозғалтқышынан құс қауырсыны мен қаны табылды

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған борттың екі қозғалтқышынан құстың қауырсындары мен қан ізі табылған.  Ұшқыш қайғылы оқиғадан төрт минут бұрын құстармен соқтығысқанын дипетчерге хабарлап, төтенше жағдай жариялаған.

Бұл мәлімет тергеу кезінде анықталған. Қазір ұшақтың қара жәшігі мен экипаж сөздерін жазатын құрылғы тексеріліп жатыр. Сарапшылар оны декодтауда қиындықтар туындады, дейді. Дәлірек айтсақ, апатқа бірер минут қалғанда құрылғылар жазуды тоқтатқан. Мамандар мұны резервтік қуат көзі ажыратылғаннан болуы мүмкін деп пайымдайды. Бірақ деректердің жоғалуы сирек кездесетін жағдай екен.

Айта кетейік, қайғылы оқиға осыдан үш апта бұрын Муан әуежайында болған. Банкогтан қонған Jeju Air ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп қоршауға соғылып, борттағы 181 адамның тек екеуі аман қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде