{metadescription}
Жетісу облысындағы оқу-жаттығуда 18 жастағы жауынгер қаза болды
Жетісу облысындағы оқу-жаттығуда 18 жастағы жауынгер қаза болды

Жетісу облысындағы оқу-жаттығуда 18 жастағы жауынгер қаза болды

Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды. Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде 18 жастағы қатардағы жауынгер оқ жарақатынан қаза болған.

Ведомство қайғылы жағдайдың 14 қаңтар күні Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің даладағы оқу-жаттығу кезінде болғанын растап отыр. Баспасөз хабарламасында жауынгер қарумен жұмыс істеу кезінде ереже бұзған дейді. 18 жастағы Дастанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Онда құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен бірге арнайы комиссия құрылыпты. Командирлері марқұмның қызметін тиянақты атқарғанын, қаруластарының ортасында абыройлы болғанын айтады.

ҚР Құрлық әскерлері баспасөз қызметі:

 Ата-анасы мен туған-туысқандардың қайғысын, әрине, жақсы түсінеміз, қайғысына ортақпыз. Әр командирге жауынгердің қазасы  қайғы. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Оларға барлық қажет көмек көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде